Menu
Етістік түрлері.
Болымсыз етістіктің жұрнағын табыңыз.
А) –а, -е.
В) –ба, -бе.
С) –жоқ.
D) –емес.
E) –ды, -ді.
Дұрыс жауап: В

Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Мекендейді.
В) Болады.
С) Жазып отыр.
D) Ұзын болады.
E) Көрінбейді.
Дұрыс жауап: Е

Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.
А) Табиғат- халық қазынасы.
В) Адамдардың табиғатсыз күні болмайды.
С) Табиғаттың байлығын қорғай білуіміз керек.
D) «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылған.
E) Қазақстанда аң-құстар, өсімдіктер қамқорлыққа алынған.
Дұрыс жауап: В

Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз.
Жаңбыр жауса, біз ешқайда бармаймыз.
А) Жаңбыр.
В) Жауса.
С) Біз.
D) Ешқайда.
E) Бармаймыз.
Дұрыс жауап: Е

Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.
А) Сыныбымызбен концертке барамыз.
В) Көп оқысаң, көп білесің.
С) Біз орманға серуенге шығамыз.
D) Әлияның дәрігер болғысы келмейді.
E) Оның өнер мектебінде оқығысы келеді.
Дұрыс жауап: D

Болымсыз етістігі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Шебердің қолы көпке ортақ.
В) Ұста, ұстадан нұсқа.
С) Ұстамен жақын болсаң, ісің бітер.
D) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
E) Ұста пышаққа жарымас, етікші етікке жарымас.
Дұрыс жауап: Е

Болымсыздық етістігі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Еңбек етіп ас ішсең, балдан тәтті болады.
В) Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
С) Ерінген екі істейді.
D) Жас келсе іске, кәрі келсе асқа.
E) Ердің атын еңбек шығарады.
Дұрыс жауап: В

Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.
А) Қазақ жерінде қолөнер жақсы дамыған.
В) Жүннен тоқылған киім жылы болады.
С) Гобелен тоқу өнері жас суретшілерді қызықтырады.
D) Киіз үйдің ішіне кілем төселмеген.
E) Ұстамен жақын болсаң, ісің бітер.
Дұрыс жауап: D

Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Көрген.
В) Алып тұр.
С) Дайындалмаған.
D) Көмектескен.
E) Күткен.
Дұрыс жауап: С

Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Дайындалған.
В) Тиісті.
С) Кешіріңіз.
D) Көмектескен.
E) Кешірмеді.
Дұрыс жауап: Е

Болымсыз етістіктің жұрнағын табыңыз.
А) –нікі, -дікі.
В) –лық, - лік.
С) –та, -те.
D) –па, -пе.
E) –ды, -ді.
Дұрыс жауап: D

Болымсыздық мағынаны білдіретін мақал-мәтелді табыңыз.
А) Отан оттан да ыстық.
В) Не ексең, соны орасың.
С) Кім жұмыс істесе, сол тоқ.
D) Ерлік білекте емес, жүректе.
E) Темірді қызған кезде соқ.
Дұрыс жауап: D

Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.
А) Қазақстанның жері кенге бай.
В) Батыс Қазақстанда мұнай, жанармай өндіреді.
С) Оңтүстік Қазақстан өңірі көмір өндірмейді.
D) Қазақстанда мыңдаған кен орындары бар.
E) Қостанай облысында темір рудасы өндіріледі.
Дұрыс жауап: С

Болымсыз етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Қазақстанда «Ақсу-Жабағылы» қорығы ашылған.
В) Бұл қорық сан алуан жануарлардың мекені.
С) Кейбір аңдар мен құстар қамқорлыққа алынған.
D) Қазақстанда піл мекендемейді.
E) Саны аз аңдар «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Дұрыс жауап: D
Туынды етістікті белгілеңіз.
А) Келеді.
В) Жеңілдік.
С) Тазала.
D) Таза.
E) Келуші.
Дұрыс жауап: С

Негізгі етістікті көрсетіңіз.
А) Аяқта.
В) Жу.
С) Тісте.
D) Жуын.
E) Баста.
Дұрыс жауап: В

Тұйық етістікті көрсетіңіз.
А) Тау.
В) Қауын.
С) Жу.
D) Таулық.
E) Көшу.
Дұрыс жауап: Е

Етістік тудырушы жұрнақты көрсетіңіз.
А) –шы.
В) –у.
С) –ла.
D) –ға.
E) –рақ.
Дұрыс жауап: С

Туынды етістікті табыңыз.
А) Мырзалық.
В) Жеңілдік.
С) Сәндік.
D) Ойлану.
E) Тазалық.
Дұрыс жауап: D

Тұйық етістігі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Ел-елдің бәрі- жақсы, өз елің бәрінен- жақсы.
В) Білім – арзан, білу – қиын.
С) Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады.
D) Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты.
E) Жаман аттан аяғым артық, жаман достан таяғым артық.
Дұрыс жауап: В

Күрделі етістігі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.
В) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
С) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
D) Қоян көлеңкесінен қорқады.
E) Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
Дұрыс жауап: А

Етістік тудырушы жұрнақты табыңыз.
А) –шы, -ші.
В) –дай, -дей.
С) –ырақ, -ірек.
D) –тас, -тес.
E) –ды, -ді.
Дұрыс жауап: D

Туынды етістікті табыңыз.
А) Көзде.
В) Көзсіз.
С) Ақылды.
D) Ашқан.
E) Жазды.
Дұрыс жауап: А
Болымсыз етістіктің жұрнағын анықтаңыз.
A) –сыз, сіз.
B) –ма,-ме, -па, -пе, -ба, -бе.
C) –ла, -ле.
D) –лан, -лен.
E) –лас, -лес.
Дұрыс жауап: В

Болымсыз етістікті анықтаңыз.
A) Сөйлеспеді.
B) Сөйлесті.
C) Сөйлесіп отыр.
D) Сөйлесті.
E) Сөйлеседі.
Дұрыс жауап: А

Болымсыз етістікті анықтаңыз.
A) Алма келді.
B) Кітапты алды.
C) Алма сатып алды.
D) Алмасыз тамақ жемейді.
E) Алманы жина.
Дұрыс жауап: D

Болымды етістікті анықтаңыз.
A) Сөйлеспеді.
B) Отырмады.
C) Сөйлесіп отыр.
D) Көрмеді.
E) Айтпады.
Дұрыс жауап: С

Болымсыз етістікті анықтаңыз.
A) Бардың ба?
B) Әкелдің бе?
C) Болмайды.
D) Көрме ашылды ма?
E) Айтты ма?
Дұрыс жауап: С
Негізгі етістіктің анықтаңыз.
A) Сал.
B) Баста.
C) Еңбектен.
D) Ақылдас.
E) Арқала.
Дұрыс жауап: А

Негізгі етістікті анықтаңыз.
A) Көзде.
B) Отыр.
C) Пайдалан.
D) Ақта.
E) Сана.
Дұрыс жауап: В

Туынды етістікті анықтаңыз.
A) Сөйле.
B) Отыр.
C) Достас.
D) Көр.
E) Айт.
Дұрыс жауап: С

Туынды етістіктің анықтаңыз.
A) Сыпыр.
B) Бол.
C) Сана.
D) Кел.
E) Апар.
Дұрыс жауап: С

Берілген жұрнақ қай қатарға жалғанатынын анықтаңыз.
-дас.
A) Дос.
B) Ақыл.
C) Ой.
D) Сана.
E) Пайда.
Дұрыс жауап: С

Болымсыз етістікті анықтаңыз.
A) Оқудан қал(ма).
B) Ұлы шығар(ма).
C) Аты – Ал(ма).
D) Ойыншық бар(ма).
E) Қызық жарна(ма).
Дұрыс жауап: A

Болымды етістікті табыңыз.
A) Күлме досыңа, келер басыңа.
B) Ақыл азбайды, білім тозбайды.
C) Ұнайтын әндерін тыңдады.
D) Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, істеген ісін сұра.
E) Бойына мақтанба, ойыңа мақтан.
Дұрыс жауап: C

Болымсыз етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.
A) -ған, -ген, -қан, -кен.
B) -ып, -іп, -п.
C) -ма, -ме, -ба, -бе.
D) -ыс, -іс, -с.
E) -ын, -ін, -н.
Дұрыс жауап: C

Негізгі түбір етістікті көрсетіңіз.
A) Есептеймін.
B) Санайық.
C) Жүр.
D) Ойланды.
E) Аяқтау.
Дұрыс жауап: C

Туынды етістікті анықтаңыз.
A) Сұрау.
B) Қолдау.
C) Жуу.
D) Шақыру.
E) Бөлу.
Дұрыс жауап: B

Күрделі етістікті көрсетіңіз.
A) Есептеледі.
B) Қарамаған.
C) Басылған.
D) Сенеміз.
E) Кездесіп тұрады.
Дұрыс жауап: E

куандыков куан   18.02.2013 21:29
рахмет рахмет на такой кошемет
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход