Cообщество школьников и студентов
Главная » Файлы » Ученику » Казахский язык Добавить материал

Көнерген сөздер
Скачать    1474   (29.5Kb)  

Материалы по теме: Қазақ тілі, семасиология, қазақ тілі сабағы

15.07.2010, 05:15
Тілдегі көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: aрхаизм сөздер (көне сөздер); ә) тарихи сөздер; (историзмдер);
a) Әр халықтың тұрмыс-салтына, күнкөріс тіршілігіне, дүние танымына байланмсты әр дәуірде өзгеріп, әртүрлі баскаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп мүлде қолданылмай қалып қойған сөз — архаизмдер деп аталады.
Архаизмге кейбір киім аттарын білдіретін сөздер жатады. Мысалы, қоқы, күләпіра, жағалан, жалаңқат, талыс т.б. Ұлттық тәуелсіз мемлекет болуымызбен байланысты архаизмдер ішінара жаңа мағына алып, сөздік құрамындағы актив сөздердің үйіріне қайтадан қосылып отыр. Мәселен: жасақ деген сөзді қайтадан қолдану нәтижесінде жасақ, жасақшы деген жаңа сөз жасалды. Төре деген архаизм сөзден төреші (арбитр) төраға, төралқа деген жана сөздер туып қалыптасты. Демек, ескірген, көнерген (архаизм) сөздер де коғам дамуының тарихи өзгерістеріне бейім тілдік қажетсіну талаптарына сәйкес өзгеріске ұшырап отыратын лексика — семантикалық құбылыс болып табылады.
ә) Тарихи сөздер. Қазіргі қазақ тілінде тарихизмге өткен дәуірдегі қоғамдық белгілі ұғымдарды білдіретін және лексиканың қазіргі дамыған дәуірінде қолданылмайтын сөздер жатады.
Қазақ тіліндегі тарихизмдерді төрт түрге бөлуге болады:
1) материалдық мәдениетке байланысты көне документтерде сақталып қалған зат атауларын (Қаба жүнді қайың ок„ Қapғa жүнді қамыс оқ); қорамсақ;
2) әкімшілік басқаруға байланысты сөздер: (атшабар, болыс, т.б.);
3) қазақ халқының қоғамдық өміріне байланысты өткен дәуірдің ерекшелігінен туған сөздер: (ханзада, ханша. нөкер, күң, құл, малай);
4) қазан төңкерісінен кейін туған жаңа типті тарихи сөздер: (қосшы, қызыл керуен, ақтар. қызылдар, батырақ т.б.)..
  15.07.2010     6693     16     Артем     5.0/1  
Категория: Казахский язык

Теги: Қазақ тілі, семасиология, қазақ тілі сабағы

Похожие файлы:

HTML ссылка:

BBcode:

Ссылка на скачивание:

BBcode на скачивание:

0  
16 АИДА   (26.12.2011 21:46)
көнерген сөздерден көп сөздер керек өтінемін тауып беріңдерші

0  
15 asel   (26.12.2011 13:10)
көнерген сөзді тауып беріндерші help

0  
14 ***   (22.12.2011 15:34)
жебе деп ойлаймын

0  
13 Болат   (21.12.2011 18:38)
1Сауға.
2Болыс.
3Жебе.
4Күпі.
5Підия
Осылар көнерген сөздер

0  
12 Аделия   (21.12.2011 12:59)
көнерген сөздер:кежеге ажуа дағара жаушы сұлтан ерген барымтал асадал айбалта түмен алдаспан биазы

0  
11 Аделия   (21.12.2011 12:57)
көнерген сөздер:кежеге ажуа дағара жаушы сұлтан ерген барымтал асадал айбалта түмен алдаспан биазы

0  
10 Бота   (21.12.2011 10:29)
Көне киім атауы

0  
9 Baha   (20.12.2011 21:33)
eeeu 2012nin kodtari kawan wigad oris klasstarga?

0  
8 лиж   (20.12.2011 20:57)
көнерген сөз

0  
7 ДанИІІ   (18.12.2011 22:15)
қағаран деген не ??№

0  
6 фатима   (14.12.2011 23:26)
талыс не деген мағынаны береді

0  
5 АРУЖАН   (14.12.2011 18:07)
қазақша неге дұрысжазбайды ылғи жаңа

0  
4 ghgyjfuy   (14.12.2011 15:39)
көн ыдыс деген не

0  
3 Акбота   (18.11.2011 12:34)
Баяғы сөздерді қазіргі рсөзге айналдырып беріңдерші

0  
2 Алмат   (25.04.2011 16:27)
қағыран degen ne aittindarshi help help

0  
1 Did@r   (18.01.2011 17:56)
i ne govori

Имя *:
Код *: