Menu
5 билет
Главная » Қазақ тілінде билетер » 5 билет

1. “Қазақ хандары” тақырыбына әңгіме құру.
2. Төле би туралы әңгімелеу.
3. Берліген екі бағанадағы сөздерден сөз тіркестерін құрастырып, аудар.

1. Қазақ хандығында ең жоғары билеуші хан болды. Қолбасшылық та, сот билігі де, шетелдермен қарым-қатынас жасау да, соғыс ашу немесе бітім жасау да соның қолында болды. Ханның жанынндағы кеңесшілері ірі сұлтандар мен тайпа көсемдерінен құралды. Ханнан кейінгі билік сұлтандарда болды. Шыңғысханнан тарайтын ер адамдар сұлтандар деп аталды. Сұлтандардан кейінгі беделді адамдар билер еді. Олар тайпаларды басқарды. Батып деге атақ тек сұлтандар қауымындағы беделді адам екенін білдіреді. Батыр атағы босқа берілмейді. Ол үшін әрбір батыр өзін шайқастарда көрсетуі тиіс. Қазақ хандары, сұлтандары, билері арасында батыр атанғандар көп болған.
2. Төле би шамамен 1663 жылы Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы қазіргі Шымкент облысы Ленгер ауданы Ақбұрхан деген жерде тоқсан жасында дүние салған. Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болыпты. Төле би оқыған, сауатты, жастайынан халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім алған. Ол 15-20 жасынан-ақ билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен көзге түсіп, елге танылған. Төле бидің ел-жұрт, ағайын-туыс, алысжақынға қадір-қасиеті хан,сұлтандардан да жоғары болған.
3. ұлысты басқарған
тағына саланатын болған
билер соттай алмайтын еді
құқықты пайдаланған
билік сұлтандарда болған
ханнан тараған