Menu
9 билет.
Главная » Қазақ тілінде билетер » 9 билет.

1. “Қазақ халқының салт-дәстүрлері” тақырыбына әңгіме құру.
2. “Ата-ана” мәтінінің мазмұнын айту.
3. Көп нүктенің орнына мамандықты білдіретін зат есім тауып жаз.

1. Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастарқан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады. Шілдехана думанды болса, сәби сергек, қызықты өмір сүреді деген сенім бар. Қырқынан шығару – нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Ит жейдесін шешіп алып, сақтап қояды. Мерекелік дастарқан жайылады. Бесікке салу. Халқымызда бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәде беріледі. Тұсау кесу – сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып, шашу шашылып, дастарқан жасалып, “тұсаукесер” кәдесі беріледі.
2. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-анаерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балаларда кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
3. әкем – көсіппер
анам – бухгалтер
ағам – жүргізушы
әпкем – студент
қарандасым – оқушы
әжем – зейнеткер
атам - зейнеткер