Menu
14 билет.
Главная » Қазақ тілінде билетер » 14 билет.

1. “Қазақтың музыкалық аспаптары” тақырыбына әңгіме құру.
2. Дина Нұрпейісава туралы әңгімелеу.
3. Берліген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

1. ішекті: домбыра, қобыз, жетіген; үрмелі: сыбызғы, сазсырнай; дабылды-шулы: дабыл, асатаяқ, дауылпаз; сарнамалы: ауызсырнай, сырнай.
Шаңқобыз – Қазақтың көне музыкалық аспабы. Ол темірден жасалады. Сым темірдің арасына бекітілген тілі саусақпен шалып тартылады. ХІХ ғасырда шаңқобызды музықалық аспап ретінде көбіне әйелдер ойнаған. Шаңқобыз халық апаптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданылады әрі жеке де ойналады. Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті музыкалық аспабы. Ол – қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын аспап. Ол - өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Домбыра, негізінен, екі ішекті, кейде уш ішекті болып келеді. Домбыра – халықтық кәсіби өнердің туып, қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған аспап.
2. Аса дарынды күйші Дина Нұрпейісова жеті-сегіз жасынан бастап қолына домбыра ұстайды. Төғыз жасында Құрманғазыны көреді. Оның күйлерін үйренеді. 1888 жылы Құрманғазы Динаны соңғы рет көргенде, оған домбырасын сыйлап, күйлерін кейінгі ұрпаққа жеткізуді аманат етеді. Халықтың күйші - композиторы Дина көптеген күйлер шығарды. Оның ішінде “Той бастар”, “Әсемқоныр”, “Бұлбұл”, “Ана бұйрығы” атты күйлері бар.
3. Шаңқобыз халық апаптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданылады әрі жеке де ойналады.