Menu
23 билет.
Главная » Қазақ тілінде билетер » 23 билет.

1. Алматы қаласына саяхат жасау.
2. Жамбыл Жабаев туралы әңгімелеу. Өлеңін жатка айту.
3. Мына шылау сөздермен сөз тіркестерін құрастыр.

1. Қала құрылысы арнайы жоба бойынша салынған. 1930-1935 жылдары темірбетоннан, күйген кірпіштен тұрғызылған, жер сілкінісіне төзімді материалдан салынған Байланыс үйі, “Алатау” кинотеатры,т.б. алғашқы ірі ғимараттар бой көтерді.
1941 жылы опера және балет театры үйін салу қолға алынды. Алматыда әр ғимараттың өзіндік ерекшелігі бар.
Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Ұлттық кітапхана ғимараттары, “Қазақстан”, “Анкара”, “Достық” қонақ үйлері, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арнап салынған ғимараттар бой көтерді.
Алматы республикадағы негізі туризм орталығы болып саналады.
Алматы – Қазақстанның ірі өнеркәсіп және қаржы орталығы.
2. Жамбыл Жабаев Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы дүниеге келген. Жамбылдың алғашқы өлеңдерінің бірі – “Жылқышы” өлеңі. Жамбыл 10-11 жасында шығарған “Шағым” деген алғашқы өлеңінде шәкірттеріне білім беруден гөрі, өз құлқынын көбірек ойлайтын топас молдаларыдың сиқын суреттейді. Жамбылдың өлеңдері: “Кедей күйі”, “Зілді бұйрық”, “Өмір жыры”, “Тарас”, “Отанды сүю”, “Ленинградтық өрендерім” және т.б. Жамбыл 100-ге қараған жасында 1945 жылы 22 маусымда қайтыс болды.
Шағым
Оқымаймын молдадан,
Не оқытпақшы ол маған?
Бала келсе сабаққа
Жем дәметкен дорбадан.
Қайтіп сабақ береді,
Айтқаны ішке қонбаған?
Оқымаймын енді одан,
Домбыраны қолға алам.
Өлең кірген түсіне
Жөргегінде мен болам
Қинама, әке, қинама!
Болмас енді зорлаған.
3. Алматы туралы, онымен қатар, сенімен бірге, сондықтан келеді, ол барды ма, ол келеді ме, тігел емес, ол түгіл оқыған жоқ.