Menu
Жергілікті және ауқымды желілердің кірігуі
Ауқымды желіге қосылу үшін алдымен қажеттісін таңдап алып, сол желіге байланыстыруды жүргізетін фирмаға телефонмен хабарласу керек.Желіні таңдау тәсілі әртүрліжолдармен жүргізіледі.
Ауқымды желілер ақылы және тегін пайдаланылатын топтарға бөлінеді.
Ақылы желі почтаны жылдам жеткізіп, жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Ал тегін желі, әрине, шектеулі мүмкіндіктермен қызмет жасайды. Біз осы екеуінен өзімізге керектісін таңдап алуға тиіспіз. Бірақ ақылы желілер құны онша жоғары болмайды.
Ақылы төлей алмайтын жағдайда Fidonet тегін желісіне қосылған жөн. Ол үшін модем арқылы кез келген хабарландыру шығаратын электрондық тақаға (BBS) телефон соғып, сол жүйенің операторымен хабарласу керек. Желігеқосылу ережелері де BBS электрондық тақтасында мәтіндік файл түрінде жазылып тұрады. Жүйе операторы сізді Fidonet ауқымды жүйесіндегі өз түйініне қосады немесе басқа бір түйінді ұсынуы мүмкін.
Көптеген компьютер мен программалық жабдықтар сататын фирмалардың жарнамалары жиі шығып тұрады. Солардың жарнамаларынан хабарландыру шығаратын электрондық тақта телефонын тауып алып, модем арқылы хабарлесу керек.
Жергілікті желі мен ауқымды желілерді кіріктіретін программалық жабдықтар бар. Мұндайда жергілікті желінің бір компьютері телефон бағдарлауыш (бірнеше модемі бар) ақылы ауқымды желіге қосылады. Осындай желінің кез келген компьютері телефон бағдарлауыштарында орнатылған модем арқылы ауқымды желімен байланысып жұмыс істей береді. Сонымен, әр бір жұмыс станциясын модем арқылы бөлек телефонға жалғаудың да қажет емес екені осыдан көрініп тұр.
09.04.2010 15:52 Информатика Артем 2406 7776 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход