Menu
Менің отаным - Қазақстан
Қазақстан – Еуропа мен Азияның орталығында орналасқан егеменді, ірі ел. Қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Мемлекеттік тәуелсіздік–ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Қазақстанда 17 миллион халық тұрады, мұның ішінде 100-ден астам ұлт өкілдері бар. Біздің Отанымыз – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірлесе отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер т.б. ұлттар еңбек етіп жатыр.

Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақстан Республикасы - демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Ел тұрғындары негізінен ислам және христиан дінін ұстанады. Басты қаламыз - Астана. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы жоғарғы өкілді органы - Сенат (39 депутат) пен Мәжілістен (77депутат) тұратын Парламент. Атқарушы билік органы -Үкімет. Ұлттық ақша-теңге. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді.

Қазақстан жаңа мыңжылдыққа тек дербес қана емес, сонымен қатар қуатты мемлекет ретінде аяқ басты. Ел тәуелсіздік мемлекет ретінде дамыған жылдары құқықтық және азаматтық қоғам құру жолында елеулі табыстарға жетті. Елде бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізілді Әлемнің 120-дан астам мемлекеттері ресми түрде таныған Қазақстан Республикасы БҰҰ, ТМД, ЮНЕСКО, ЕҚЫУ т.б. да 64 халықаралық ұйымдарға мүше. Қазақстан - ядролық қарудан бас тартқан ең алғашқы мемлекет.

Қазақстанда 14 облыс, 87 қала (оның екеуі республикалық дәрежеде), 159 аудан, 195 аудандық деңгейдегі елді мекен, 2150 ауылдық әкімшілік округ бар. Республиканың мәдени өмірі сан салалы. Елде 52 театр (оның екеуі опера және балет театры, 15-і қазақ, 14-і орыс, ұйғыр, корей және неміс драма театры, жетеуі қуыршақ театры), 15 филормония, 64 музей, 10 мыңнан астам кітапхана (оның 3066-сы мемлекеттік), 2227 мәдени-сауық мекемелері, 271 кинотеатр, 24 концерттік мекемелер бар.

Қазақстанда мемлекеттік марапаттар: жоғарғы деңгейдегі белгілері «Алтын қыран» ордені, «Халық қаһарманы» атағы, «Отан», «Даңқ», «Айбын», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендері, Ерлігі үшін, Жауынгерлік ерлігі үшін, Ерен еңбегі үшін, Шапағат медальдары болып танылады.
01.11.2014 09:26 Қазақ тілі Артем 3264 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход