Сабақтың мақсаты: білімділік: Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын білу. Шеңбер мен түзудің өзара орналасу жағдайларын білу. Хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін түсіндіріп, меңгерту. тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, ұқыптылыққа, өз бетімен білім алуға тәрбиелеу дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тіл байлығын дамыту. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: тренинг сабақ Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, трек-схемалар. Цифрограмма Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ақпараттық, практикалық Жаңа технология: дамыта оқыту технологиясы Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру ІІ. Өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталау 1. Үшбұрыш туралы не білеміз? 2. Үшбұрыштар туралы тірек - схема бойынша сөйлеу 3. Үшбұрыш түрлерінің анықтамаларын тұжырымдау 4. «Шеңбер» сөзжұмбағын шешу Сұрақтары: 1. бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын фигура? (үшбұрыш) 2. екі қабырғасы тең үшбұрыш? ( тең бүйірлі) 3. барлық қабырғалары тең үшбұрыш ? (теңқабырғалы) 4. бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса) 5. үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді? (медиана) 6. бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир) Ш Е Ң Б Е Р ІІІ. Жаңа білімді меңгерту: Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын, шеңбер мен түзудің өзара орналасуын, хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін электрондық оқулық арқылы түсіндіріп, меңгерту. ІV. Бекіту сұрақтары 1) Шеңбер элементтері: центр, радиус, диаметр, хорда, доға, жанама 2) Шеңбер мен түзудің орналасуы 1) һ > r 2) h < r 3) h = r V. Практикалық жұмыс. 1. Шеңбер сызыңдар. 2. Шеңбердің центрін белгілеңдер. 3. Шеңбердің радиусын өлшеп тауып, жазып қойыңдар. 4. Шеңбердің бойынан екі нүкте алып оларды А және В деп белгілеңдер. 5. А және В нүктелері шеңберді неше бөлікке бөледі 6. Доғаларды атап жазып қойыңдар 7. АВ хордасын жүргізіңдер 8. Шеңбердің В нүктесі арқылы өтетін диаметрін салып, СВ деп белгілеңдер 9. В нүктесі арқылы шеңберге ВК жанамасын жүргізіңдер 10.АВ диаметрі мен В нүктесі арқылы өтетін ВК жанамасының өзара перпендикуляр болатынын дәлелдеңдер. VІ. Электрондық оқулықтағы есептерді шығару №1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы мүмкін бе? ( Д = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес) №2. Өзара перпендикуляр хордалар бір-бірін 5 см және 7 см кесінділерге бөледі. О нүктесінен хордаға түсірілген перпендикулярды табыңдар. №3. АВ және СД центрі О болатын шеңбердің диаметрі. Егер СВ = 13 см, АВ = 16 см болса, АОД үшбұрышының периметрі неге тең болады? VІІ. Бағалау VІІІ. Үйге тапсырма: 8.1; 8.2; 8.3; № 25 есеп |